УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды.
Қазақстан футболдағы маңызды халықаралық оқиғаларды қабылдайтын елдер қатарына енді. УЕФА Атқарушы комитеті 2028 жылғы Суперкубокты Астанада өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Астана Аренада» Еуропаның үздік клубтары кездеседі
Матч жаңартылған «Астана Арена» стадионында өтеді. Алаңда УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Осылайша, елордалық арена Еуропа футболының ең мықты клубтары арасындағы маңызды бәсекеге алаң болады.
Қазақстан футболы үшін маңызды жетістік
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім отандық спорт дипломатиясы үшін үлкен жетістік саналады.
Сондай-ақ аталған шешім Қазақстан футбол федерациясының Еуропалық футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан әріптестігінің нәтижесі ретінде бағаланып отыр.
«Астана Арена» жаңартылады
Алдағы уақытта елордалық стадион күрделі сынақтан өтпек. «Астана Аренадағы» жоспарлы жаңғырту жұмыстары УЕФА-ның қатаң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Стадион инфрақұрылымы халықаралық деңгейдегі беделді спорттық шараны жоғары талаптарға сай өткізуге дайындалуы тиіс.