Жаңалықтар
Түркістанда жол ортасында сальто жасаған жігіт жазаланды
Жас жігіттің жолдың дәл ортасында қауіпті әрекет жасаған бейнеролигі Instagram әлеуметтік желісінде тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полиция байқап қалған
Сырт көзге оғаш ешнәрсе жоқ секілді көрінгенімен, оның әрекеті жол қозғалысы кезінде адамдарға қауіп төндірді.
Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына ілікті. Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты, – делінген ақпаратта.
Көлігі автортұраққа қойылды
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданып, оның автокөлігін айыптұраққа қойды.
Тәртіп сақшылары бір сәттік хайптың орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін екенін ескертеді.