Қазақстандық әйел Флоридада ұсталды: СІМ себебін түсіндірді
АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматын көші-қон қызметі ұстады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әйелдің елде заңды көші-қон мәртебесі болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әлеуметтік желіде не айтылды
Бұған дейін әлеуметтік желіде 12 қыркүйекте қазақстандық әйелді АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің (ICE) өкілдері ұстағаны туралы ақпарат тараған.
Жазба авторының айтуынша, әйелдің үш баласы бар. Алғашқы хабарламада оның не себепті ұсталғаны айтылмаған.
СІМ ұсталу себебін түсіндірді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты тексеріп, Қазақстан азаматының Флоридада ұсталғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, бұған оның АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауы себеп болған.
Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың тиісті органдарымен және әйелдің отбасымен байланыста. Оған консулдық көмек көрсетіліп жатыр.