Астана, Алматы және Шымкентте 15 қыркүйекте ауа райы қандай болады
15 қыркүйекте Шымкентте ауа температурасы +33, Алматыда +30 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада күндіз +19 градус болып, желдің жылдамдығы секундына 9,2 метрге жетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz OpenWeather порталына сілтеме жасап.
Алматы мен Шымкентте күн ашық болады
Алматыда бүгін аспан ашық болады. Күндіз ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріліп, түнде +16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы — секундына 3,9 метр.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Күндіз +33 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы секундына 8,1 метр болады.
Астанада ауа температурасы +19 градусқа жетеді
Елордада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа +19 градусқа дейін жылынса, түнде +9 градусқа дейін салқындайды.
Астанада желдің жылдамдығы секундына 9,2 метр болады деп болжанып отыр.