Қазақстандағы кейбір айырбастау орындарында доллар 450 теңгеден төмен сатылып жатыр
Доллар бағамы 447,8 теңгеге дейін түсті.
Қазақстан қор биржасында доллардың құны 450 теңгеден төмен түсті. Елдегі кейбір айырбастау орындарында да америкалық валюта осы межеден төмен бағамен саудалануда, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Өткен аптада доллар бағамы айтарлықтай құбылды. Алайда аптаның соңына қарай америкалық валюта бағамы 450 теңгеге жуықтады. Бүгін доллар бұл межеден де төмендеді.
Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен шетел валюталары саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,8 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда 3 теңгеге төмен.
Ірі қалалардағы айырбас бағамы
Kurs.kz порталының мәліметінше, бүгін сағат 15:30-дағы жағдай бойынша еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында қолма-қол доллардың сатып алу және сату бағамы мынадай:
- Астана: сатып алу – 446 теңге, сату – 453 теңге;
- Алматы: сатып алу – 445-тен 447,7 теңгеге дейін, сату – 448-ден 450,2 теңгеге дейін;
- Шымкент: сатып алу – 447-ден 448 теңгеге дейін, сату – 449-дан 450 теңгеге дейін.
Осылайша, Алматыдағы кейбір айырбастау орындарында доллар 450 теңгеден төмен бағамен сатылып жатыр.
Еуро да арзандады
Доллармен бірге еуроның бағамы да төмендеді. Бүгін еуроның орташа сараланған бағамы 518,34 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш шамамен 5 теңгеге төмендеген.
Еуроның айырбастау орындарындағы бағасы
Еліміздің айырбастау орындарында сағат 15:30-дағы жағдай бойынша еуроның сатып алу және сату бағамдары:
- Астана: сатып алу – 516 теңге, сату – 526 теңге;
- Алматы: сатып алу – 511-ден 522 теңгеге дейін, сату – 520-дан 530 теңгеге дейін;
- Шымкент: сатып алу – 515-тен 521 теңгеге дейін, сату – 519-дан 527 теңгеге дейін.