Жаңалықтар
15-17 қыркүйектегі мизам шуақ: Астанада күн +25°C-қа дейін жылынады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 15–17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астана
- 15 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
- 16 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
- 17 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Әлсіз жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.
Алматы
- 15 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
- 16 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
- 17 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.