$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ГеосаясатЖаңалықтар

Трамп Зеленскийді Ресей мұнай өңдеу зауыттарын жармауға шақырды

АҚШ Президенті Дональд Трамп әлемдегі дизель отыны тапшылығы Таяу Шығыстағы жағдайға емес, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Тоқтатуыңыз қажет»

PBS News ақпаратынша, мұндай соққылардан Ресей мұнай өндіру болжамын кейінгі 17 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін түсірген. Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің дизель отыны инфрақұрылымына жасалып жатқан соққыларды тоқтатуға үндеді. Ақ үй басшысы мұны бүгін өз отбасына тиесілі алаңда өткен Irish Open гольф турниріне барғанда журналистерге айтты.

«Бұл мәселені Зеленский мырзамен талқыладық. Ресейдегі дизель отынына шабуылдауды тоқтатуыңыз қажет. Бұл бүкіл әлемге зиянын тигізіп жатыр», – деді Трамп.

Оның сөзінше, әлемдегі дизель отыны тапшылығы «Таяу Шығыстағы жағдайдан емес, Ресей мен Украинада болып жатқан оқиғалардан» туындаған.

Мәлімдеме қашан жасалды

Трамп аталған мәлімдемені жұма күні АҚШ-та дизель отыны бағасы рекордтық деңгейге жетіп, бір галлоны орта есеппен 6 доллардан асқан соң жасады.

Айта кетейік, Украина бірнеше айдан бері Ресейдің мұнай-газ саласына соққы беріп келеді. Бұл мемлекет аумағында жанармай жеткізіліміне шектеу енгізілуіне әкелді. Ал Мәскеу шілдеде дизель отынын экспорттауға тыйым салған болатын

Back to top button