$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Freedom Банкі ҚР ҰБ Антифрод-орталығының бірден екі марапатына ие болды

Банкке сеніп тапсырылған қаражаттың қауіпсіздігі – клиент сенімінің негізі. Қаржылық қызметтер смартфонға көшкен заманда бұл сенімді сақтау үшін күдікті операцияны дер кезінде байқап, алаяқтың жолын ерте кесу маңызды. Мұндай қорғаныс озық технологияны да, мамандардың жедел әрі үйлесімді жұмысын да қажет етеді. Осы бағыттағы жұмысы үшін Freedom Банкі ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығынан бірден екі марапат алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Central Asia Fintech Summit 2026 аясында банк «Жылдың антифрод-серіктесі» және «Антифрод-орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін» номинацияларында үздік деп танылды. Биыл жарияланған төрт аталымның екеуінде жеңіске жеткен банктің антифрод жүйесінде жасанды интеллект, клиенттердің мінез-құлқын талдау және алаяқтық әрекеттер арасындағы байланысты анықтау технологиялары қолданылады.

Айта кетейік, биыл барлығы төрт номинация жарияланса, соның екеуін Freedom жеңіп алды. Осылайша, банк қоржынындағы Антифрод-орталық марапаттарының саны үшке жетіп отыр. Еске сала кетсек, былтыр Freedom «Жыл қайтарымы» аталымында үздік шыққан болатын.

Марапаттарды Central Asia Fintech Summit 2026 аясында өткен салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов, Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Жанар Самаева және Verigram компаниясының негізін қалаушы Асанәлі Байғожин табыс етті.

«Бұл марапаттар біз үшін өте маңызды, себебі олар клиенттерді қорғау жүйеміздің тек жекелеген жағдайларда ғана емес, жүйелі түрде әрі жан-жақты жұмыс істейтінін дәлелдейді. Бүгінде банк ішіндегі антифрод — мінез-құлық талдауын, ML-модельдерді, жасанды интеллект, графтық талдау мен жедел әрекет етуді қамтитын кешенді жүйе. Біз клиенттердің әдеттен тыс әрекеттерін ерте бастан анықтау технологияларын ерекше дамытып жатырмыз. Ал графтық талдау өзара байланыстарды тауып, алаяқтықтың тұтас тізбектерін әшкерелеуге көмектеседі», – деп атап өтті Freedom Банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Бұл марапаттың маңыздылығына Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма төрағасы Жанар Самаева да арнайы тоқталып өтті.

«Қаржылық алаяқтыққа пәрменді тосқауыл қою жүйелі тәсілді талап етеді: оған ортақ инфрақұрылым, жедел дерек алмасу және барлық қатысушының үйлесімді іс-қимылы қатысты. Екі жыл ішінде Ұлттық антифрод-орталық 270-тен астам ұйымның басын қосқан тиімді диалог алаңына айналды. Ендігі меже – тәуекелдерді әлдеқайда ерте анықтап, азаматтарға қаржылық залал келгенге дейін алаяқтық операциялардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру. Ал «Antifraud Awards» осы ортақ іске нақты үлес қосып жүргендердің еңбегін айқындайды», – деп атап өтті «Ұлттық төлем корпорациясы» Басқарма төрайымы Жанар Самаева.

ҚР ҰБ Антифрод-орталығы жайлы

ҚР ҰБ Антифрод-орталығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алаяқтық транзакцияларға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында іске қосқан жүйе. Оның негізгі міндеті – күдікті транзакциялар туралы деректерді жинау және талдау, алаяқтықты нақты уақыт режимінде анықтау, бұғаттау және алдын алу.

Freedom Банкі туралы анықтама

«Фридом Банк Казахстан» АҚ – Қазақстан аумағында Freedom брендімен қызмет көрсететін инновациялық банк. Банк жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтер ұсынады. Банк ипотекалық қарыз алуды, автокредит беруді және бизнеске арналған кредиттерді цифрландырды. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы инвестор картасы – INVEST CARD және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның 20 қаласында ұсынылған филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp холдингінің бөлігі болып табылады. Бүгінде Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.

Back to top button