$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Спорт

Головкин тағы бір халықаралық басшылық қызметке сайланды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды. Ол ұйым басшылығында Азия мен Еуропа елдерінің ұлттық олимпиада комитеттері атынан өкілдік етеді, деп хабарлайды Tizgin.kz ҰОК мәліметіне сілтеме жасап.

Сайлау Сауд Арабиясында өтті

Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылды. Геннадий Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірі бойынша вице-президент ретінде енді.

Жаңа қызметтегі міндеттері қандай

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Головкин жаңа қызметінде қауымдастықтың стратегиясын әзірлеуге және Ұлттық олимпиада комитеттерін қолдау бағдарламаларын дамытуға қатысады.

«Жаңа қызметінде Геннадий Головкин ISSA басшылығында Азия мен Еуропа елдерінің Ұлттық олимпиада комитеттері атынан өкілдік етеді», – делінген хабарламада.

Атқарушы комитеттегі жұмысы спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді және ISSA-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды да қамтиды.

Back to top button