Тоқаев Жолдауды қазанда жариялайды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл туралы Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде айтты. Ол қазір еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын жеткізіп, елде болып жатқан елеулі өзгерістерге тоқталды.
«Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан халқы кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да ауқымды реформаларымыздың өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді Презиедент.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 74 медаль жеңіп алды.