$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Алматы – Қорғас тасжолында төрт адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды

Алматы облысында төрт адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты істің үкімі шықты. Haval M6 көлігінің жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мас жүргізуші қарсы жолаққа шыққан

Сот материалдарына сәйкес, Haval M6 көлігінің жүргізушісі алкогольдік масаң күйде Алматы – Қорғас тасжолымен келе жатып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан. Салдарынан оның көлігі Audi автокөлігімен соқтығысқан.

Жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Олардың арасында ерлі-зайыпты мен олардың үлкен қызы бар. Бұдан бөлек, бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған.

Сот жүргізушіні мас күйінде көлік басқарып, абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.

31 млн теңгеге жуық өтемақы төлейді

Сот үкімімен Haval M6 жүргізушісі заңда көзделген ең жоғары жазаға – 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұған қоса, сотталған адамнан жәбірленушілердің пайдасына моральдық өтемақы мен келтірілген материалдық шығын ретінде 31 млн теңгеге жуық қаражат өндіру туралы шешім қабылданды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button