$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Дания Еспаева Құрылтай депутаттарының айлығын айтты

Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева депутаттардың ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты. Оның сөзінше, төлем мөлшері халық қалаулыларының еңбек өтіліне байланысты белгіленеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жалақысы 600 мың теңгеден басталады

Құрылтайда өткен брифинг барысында журналистер депутаттардың қанша жалақы алатынын сұрады. Дания Еспаеваның айтуынша, қазіргі кезде Құрылтай депутаттарының айлығы 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейінгі аралықта.

«Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңге болады», – деді ол.

Осылайша, депутатқа төленетін нақты сома оның жалпы еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Декларацияда депутаттардың айлығы көрсетілмеген

2026 жылдың қаңтарында бұрынғы Сенат пен Мәжіліс депутаттары өздерінің және жұбайларының кірістері туралы декларацияларын жариялаған еді.

Алайда онда депутаттардың негізгі жалақысы мен жұбайларының еңбекақысы көрсетілмеген. Құжатта тек салық салынатын қосымша кірістер – дивидендтер, сыйақылар, мүлікті сатудан түскен қаражат және өзге де табыс көздері қамтылды.

Back to top button