Жаңалықтар

Мектептегі орамал дауы үшін қазақ еліне қарғыс тілеген мұғалім елден кешірім сұрады

Қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыпов Қарағандыдағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына барып, қазақ еліне қарғыс еліне қарғыс тілеген мұғалімнің видеосын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бірнеше күн бұрын “оқу-ағарту министрлігі мектепке орамал тағып келуге рұқсат берген жекеменшік мектептер лицензиясынан айырырады” деп ақпарат тараған соң қарағандылық мұғалім ашуға беріліп, мынадай пост жазған.

Осы жазба әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатқан еді. Айсұлтан Жақыпов Жарқын Әбдікәрімов деген мұғалімге барып, не үшін осылай дегенін сұраған.

“Мен осы жаңалықты естігеннен кейін бірден эмоцияға беріліп, қатты кетіп қалдым. Сол үшін қазақ елінен кешірім сұраймын. Әркімнің өзінің ашуы болды ғой. Сол ашу туындаған соң өзімді ұстай алмай қалдым. Мен өз елімнің патриотымын”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, мектеп формасына қойылатын талаптар мемлекеттік қана емес, жекеменшік білім беру ұйымдарына да ортақ екенін бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтқан еді. Сондықтан жекеменшік мектептер де оқушылардың киіміне қатысты белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. Жұлдыз Сүлейменова өткен оқу жылында кейбір жекеменшік мектептерде оқушылардың хиджаб киюіне рұқсат берілген жағдайлар болғанын айтты. Ал биылғы оқу жылы басталғалы мұндай деректер тіркелмеген.

“Лицензиялау мәселесі бар. Яғни лицензиясын қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылады”, – деді министр.

Оның сөзінше, бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігімен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдіктер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысатын комиссия жұмыс істейді.

Back to top button