ЖаңалықтарОқиға

Көкшетауда құрылысшы тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

Оқиға 8 қыркүйекте болған.

Көкшетауда салынып жатқан нысанда құрылыс жұмыстары кезінде 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 қыркүйекте Көкшетау қаласында болған.

Ведомствоның хабарлауынша, құрылыс жұмыстары кезінде 2007 жылы туған азамат 9-қабаттан құлаған.

«Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады», – деп жазылған хабарламада.

Еңбек инспекциясына әзірге хабарлама түспеген

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне бұл оқиға туралы әзірге ресми хабарлама түспеген.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, оқиғаға қатысты хабарлама келіп, тиісті бұйрық шыққаннан кейін ғана арнайы тергеу басталады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button