ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстанда жыл соңына дейін Бірыңғай қаржылық омбудсмен кеңсесі ашылады

Тұтынушылық несиелеу қарқыны бәсеңдеді.

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кездесу барысында Президентке агенттіктің биылғы сегіз айдағы жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

Жаңа банк туралы заң аясындағы жұмыстар

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша:

  • Жаңа «Банктер туралы» заңды іске асыру аясында заңға тәуелді нормативтік-құқықтық база толық жаңартылып, 80 нормативтік-құқықтық акт қабылданды.
  • Банктердің активтері 75,6 трлн теңгеге жетіп, 6,9%-ға өсті.
  • Капитал жеткіліктілігі 20,7% деңгейінде сақталды.

Қаржы ұйымдарын бақылау күшейтілді

Сегіз ай ішінде:

  • Қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізілді;
  • 190 қадағалау шарасы қолданылды;
  • Жалпы сомасы 465 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға қатысты шаралар

  • 13 ұйымның лицензиясы қайтарылып алынды;
  • 6 ұйымның лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылды;
  • 4 коллекторлық агенттік мемлекеттік тізілімнен шығарылды.

Бизнесті несиелеу көлемі артты

  • Бизнеске берілген несиелер 3,5%-ға өсіп, 16 трлн теңгеге жетті.
  • Жыл басынан бері берілген жаңа бизнес несиелерінің көлемі 19,1%-ға артып, 12,5 трлн теңгені құрады.

Тұтынушылық несиелеу баяулады

Жеті айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несиелеудің өсу қарқыны 4,6%-ға дейін төмендеді. Шілде айынан бастап проблемалық несиелерді ұжымдық түрде реттеуге арналған Finkelisimkz платформасы жұмыс істей бастады.

Жыл соңына дейін азаматтардың өтініштерін қарайтын Бірыңғай қаржылық омбудсмен кеңсесі өз жұмысын бастайды.

Капитал және сақтандыру нарығын дамыту

Қазіргі уақытта:

  • 2030 жылға дейінгі капитал нарығы мен сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы әзірленуде;
  • «Капитал нарығы туралы» және «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобалары дайындалуда.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button