Жаңалықтар

Алматыда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Сауда-саттық 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де басталады.

Алматының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан DoubleTree by Hilton қонақүй кешені сауда-саттыққа шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Нысанның жалпы аумағы – 16 196,4 шаршы метр.

Сатушы – Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Бағасы қанша және сауда қашан өтеді

Нысанның бастапқы бағасы – 12 759 410 000 теңге.

Сауда-саттық 25 қыркүйекте сағат 10:00-де басталады. Ал өтінімдерді қабылдау сол күні сағат 09:55-те, яғни сауда басталуына бес минут қалғанда тоқтатылады.

Сатып алушыға ғимаратпен бірге не берілмейді

Сатып алушы ғимараттың ішінде қазір тұрған жиһаз және басқа да жылжымалы мүлікке ие болмайды.

Сонымен қатар, нысанның тауар белгілеріне, атауына, коммерциялық белгісіне және франчайзинг келісіміне қатысты құқықтар да сатылымға кірмейді.

Яғни аталған зияткерлік меншік нысанның құнына енгізілмеген және сатып алушыға берілмейді.

Нысанның бағасы қалай есептелді

Нысанды «Центр оценки активов» ЖШС бағалаған. Ғимарат 2026 жылғы 6 тамызда бағаланса, қорытынды есеп 19 тамызда дайындалған. Бағалау нәтижесінде нысанның құны 12,7 млрд теңге деп белгіленген. Бұл қазіргі сауда-саттықтағы бастапқы бағаға сәйкес келеді.

Қызығы, нысанның баланстық құны бұдан 2,6 есе төмен – небәрі 4,78 млрд теңге.

Нысанға қандай да бір шектеу қойылған ба

Ғимаратқа тыйым салынбағане, алайда жер учаскесіне сервитут түрінде ауыртпалық қойылған. Ол Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарайтын «Су желісі» МКК пайдасына белгіленген.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button