$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанда пәтер жалдау қымбаттап кетті

Тамыз айында пәтер жалдау бағасы біршама өсіп, бір ай ішінде 4,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Статистика не дейді

Есесіне жылдық көрсеткіште баға 17%-ға көтерілді. Бұл ретте жалдау құны орта есеппен алғанда шаршы метріне 5,4 тыс. (5 350) теңгеге жетті.

Ұлттық статистика бюросы шілдедегі пәтер жалдау бағасы 1,4%-ға, ал тамызда 4,2%-ға дейін өскені туралы ақпарат жариялаған.

Қай өңірде арзан

Әсіресе Қостанай (+5,9%), Түркістан (+5,3%), Петропавл (+5,5%), Шымкент және Қарағанды (+5%) қалаларында пәтер жалдау едәуір қымбаттады.

Жылдық есепте Петропавл мен Павлодарда үйді жалға алу бағасы айтарлықтай көтерілді. Бұдан соң Алматы, Қызылорда, Астана қалаларын мысал етуге болады. Орал қаласында ғана пәтер жалдау біршама арзан.

Back to top button