$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

“Қазгидромет” синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жел күшейеді

Болжамға сенсек, 10-12 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей аумақта найзағай ойнап, жел күшеюі ықтимал. Одан бөлек, елдің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.

Күн суытатын өңірлер

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды.

Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында температура +13+23 градусқа дейін, орталық аймақтарда +15+25 градусқа дейін төмендейді.

Қыркүйек соңы қалай болады

Оңтүстік өңірде алдағы күндері жылылық сақталады. Оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жаууы мүмкін. Циклон өткен соң елдің батысында жауын бәсеңдеп, ауа райы біртіндеп тұрақталады. Күн жылынып, температура +20+28 градусқа дейін көтеріледі.

Back to top button