Жаңалықтар

Қатонқарағай ұлттық паркінде фототұзаққа екі бүркіт түсіп қалды

Қатонқарағай ұлттық паркінде фототұзақ бірден екі бүркітті таспаға түсірді. Құстар бұған дейін қар барысы түсірілген аумақта байқалған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Фототұзақтар құнды мәліметтер жинауға көмектеседі

Фототұзақтар жабайы жануарлар мен құстарды табиғи ортасында мазаламай бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық парк аумағындағы тіршілік иелерінің өмірі туралы құнды мәліметтер жинауға көмектеседі.

Қар барысы түскен жерге енді екі бүркіт келді

«Ал бұл жер сіздерге таныс емес пе? Дәл осы аумақ бұған дейін фототұзаққа түсіп қалған қар барысының кадрларымен көпшілікке таныс. Енді мұнда екі бүркіт те бой көрсетті», – деп жазылған Экология министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Қатон-Қарағай ұлттық паркінде таутекелер де фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button