Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды
Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Істің қозғалуына оның әлеуметтік желідегі жарияланымы себеп болған, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жазбаны полиция мониторинг кезінде анықтаған
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында былапыт сөздер жазылған жарияланымды анықтаған. Осы дерекке байланысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданған. Полиция таратқан ресми хабарламада жарияланымның нақты қай әлеуметтік желіде жарияланғаны және оның мазмұны туралы толық мәлімет берілмеді.
Сот 20 тәулік қамау жазасын тағайындады
Сот қаулысымен Ақмола облысының тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ашық дереккөздерде әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтың Арман Шораев екені айтылды. Ал полицияның ресми хабарламасында оның аты-жөні көрсетілмеген.
Ведомство әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент жариялағаны үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделгенін ескертті.