Блогер Дастан Трамптың ұлымен тауда саяхаттап жүріп адасып кетті (Видео)
Тревел–блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) әлеуметтік желіде Трамтың ұлымен Монғолиядағы тауда саяхаттап жүріп, адасып кеткенін жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Голливудтың өзінде болмаған оқиға»
«Сіздерге Голливудта болмаған, бірақ шын өмірде болған жағдайды айтайын. Трамптың баласымен бірге тауда адасып, жол іздеп, өзеннен өте алмай, таудан аса алмай қалдық, бірақ уақымдамаңыздар, бізде бәрі жақсы. Өзеннің екінші жағынан ат алып келді. Ақыры құтқарылдық. Менің өзеннен өтіп бара жатқан видеомды Трамптың баласы түсірді», – дейді Дастан Мұхамедрахым.
Трамптың ұлы Монғолияға төртінші рет келді
Ол Монғолияда не істеп жүргенін айтты.
«Жандос ағамыз Трамптың ұлын Монғолияда төртінші рет күтіп алып жатыр. Ол бұл жерге Астон Мартин, Стефано Риччи сияқты әлемдік брендтердің иелерін де алып келген. Бұл жолы маған да Трамптың ұлымен бірге қонақ болу бұйырып тұр екен. Бірге 3 күн тауда демалып, киіз үйге қондық. Бір дастарханда тамақ ішіп, бірге видеолар түсірдік. Кіші Трамп менің контентімді ұнатып, менің Instagram парақшама тіркеліп қойды. Кейбіріңізде бұл адамдарға саси жағынан қарсы пікір, көзқарас болуы мүмкін. Мен де оны жоққа шығармаймын. Ол адамдарды өзімізге пайдалы жағынан қолдансақ, елімізді әлемге танытуға бір құрал ретінде қарасақ – неге жақын таныспасқа?», – дейді блогер.
Еске салсақ, Танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим ел ішіндегі ең көркем 5 жерді атап, олардың ерекшелігін бөлісті. Сондай-ақ, ол Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды.