$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Шымкенттік заңгер Кенесары ханның басын қайтарғандарға 20 млн теңге беруге уәде етті

Заңгер Санжар Қосевтың айтуынша, бұл жай сөз емес. Ол ұйқыдағы қазақтың бәрі оянуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бүгінге дейін бас иіп келдік»

Парақшасында жариялаған бейнежазбасында ол өзін патриот санайтын әр адамның соңына көруі керектігін айтады. Жеке парағында ол өзін заңгер әрі “Әділет” партиясының мүшесі деп көрсеткен.

«Мен қазақпын, батырдың ұрпағымын. Қазақтың соңғы ханы Кенесары елінің еркіндігі үшін, жері үшін жанын қиған. Ал басы болса бүгінде 180 жыл болды, бөтен елде жаьтыр. Әлі күнге дейін басын қайтара алмай отырмыз. Олар үшін Бұл Кенесары хан бабамыздың бір «бунтарьдің, бір қарақшының сүйегі» ғана болса, біз үшін, қазақ үшін намыс, рух, абырой. Біз бүгінге дейін бас иіп келдік», – деді ол.

«Бұл – бойкот емес»

Оның сөзінше, Қазақстанның 85 пайызы кедендік пайдасын Ресей алып отырғанын жеткізді.

«Ала берсін. Бірақ қазақтың ханының басын қайтарсын. Бұл – бойкот емес. Бұл – қазақтың намысын қайтару. Бұл – ұлт рухының тірілуі. Мен уәде беремін. Кімде-кім Кенесары ханның басын елге әкелсе, туған жеріне қайтарса, мен өз қалтамнан 20 млн теңгені сол адамға табыстаймын», – деді заңгер.

Ол Кенесары ханның басын елге қайтарып, абыроймен жерлеу орынды екенін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Санжарбек Қосаев | Шымкент (@kossayev.sanzhar)

Back to top button