ЕрекшеЖаңалықтарҚоғам

Пәкістандағы 300 қазақ панасыз қалды: Қазақстан билігі оларды қайтара ма

Депутат Ерлан Сайыров өзіне Пәкістаннан қандастар хабарласып, пана сұрағанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Депутат Ерлан Сайыров Пәкістанның Карачи қаласынан өзіне 40 жанұя, 300 қазақ атынан Хамит Жорабай деген азамат хабарласқан.

“Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын 40 жанұя, 300 қазақ Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған. Пәкістанға келген кезде Пәкістанның Қазақстандағы елшісі келіп, олардың жағдайын көріп, көмектесуге уәде еткен. Екі жылдың ішінде Пәкістан биліг 30 тамыз күні 300 қазақты қайтадан Ауғанстанға депортация жасайтынын мәлімдеген, – дейді Ерлан Сайыров.

Депутат бірден Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласқан. Алайд сыртқы саясатқа жауапты ведомство оларға көмектес алмайтынын жеткізген. СІМ олардың қолында “қазақ деген анықтама жоқ” деген.

“Енді оларға қалай көмектесе аламыз деп сұрасам, “қайтадан Ауғанстанға барып қазақ деген анықтаманы алуы керек” дейді. Ауғанстанға барса олардың жағдайы өте қиын болады. Оны Хамит бауырымыз айтып отыр. Сондықтан, мен Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов мырза мен сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мырзаға үндеу жариялаймын. Қан су емес. Біз иісі қазақты құтқаруымыз керек. Сондықтан, осы 300 қазақты Қазақстанға көшіруге жағдай жасайық. Егер бүкіл қазақ болып көшіре алмасақ, БҰҰ босқындар жөніндегі комиссиясына өтініш жасау керек. 300 қазақты босқын ретінде олар мойындауы керек. Осы мәселе бойынша үкіметке үндеу жариялаймын. Құрметті қауым, сіздерден қолдауларыңызды сұраймын”, – дейді ол.

Сайыровтың бұл үндеуіне үкімет тарапынан әлі реакция болған жоқ.

Back to top button