$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Самсамен көрсетілген құрмет: Өзбекстандық азамат Қазақстанға ерекше ілтипат білдірді (Видео)

Әлеуметтік желідегі kimosh_official парақшасында ерекше видео жарияланды. Видеодан өзбек азаматы самсаларға Kazakhstan деген сөз жазып, қазақтың туын бейнелеп, оны басқа да тандыр самсалармен әрлеп қойғанын көруге болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Самсаңнан айналайын»

«Өзбектер өз алдына бір деңгей екен. Самсамен «Kazakhstan» деп жазып қойыпты ғой! Мынау енді сөзбен емес, самсамен көрсетілген құрмет! Өзбек ағайын, самсаңнан айналайын!», – деп жазылған видео сипаттамасында.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»

Оқырмандар ризашылық білдірді.

«Қазақстанда жұмыс жасап, нәпақасын тауып жүрген өзбектерге құрметмен қараңыздар»,

 

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз шәйдай ашық, тыныштық болсын!» – деген пікірлер жазылды.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button