$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Тергеу

Шымкенттегі атышулы қылмыс: Колесников ісіндегі сотталушыларды әкесі кешіретінін мәлімдеді

Шымкентте 40 жастағы Василий Колесниковты ұрлап әкетіп, өлтіргендер ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Атышулы қылмыстық іс бойынша алты адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әкесі кешірім берді

Сотта Василий Колесниковтың әкесі Александр Колесников өтініш түсірді. Ол өтініште сотталушылардың бәріне кешірім беретінін мәлім еткен. Алайда осы өтінішті жазған кезде адвокаты Талғат Есімов қасында болмаған. Сот барысында Талғат Есімов өзі қорғап отырған Александр Колесниковтен “сіз сотталушыларды кешіріп отырсыз ба?” деп сұрады. Колесников “Алла қалай шешсе, солай болады. Иә, қол қойдым” деген ол өзінің моральдық-материалдық шығыны өтелгенін айтты.

Алайда адвокаты Талғат Есімов “мен Колесниковтың сотталушылармен татуласқанымен келіспеймін, жақында пікірімді жариялаймын” деді.

Василий Колесниковты қалай өлтірді

Күрестен спорт шебері Василий Колесников биыл 20 қаңтарда бірнеше кісінің қолынан мерт болған. Алғашқыда жол үстіндегі жағдай кәдімгі көлік апатынан кейін басталғандай әсер қалдырған, арты жаппай төбелеске ұқсаған. Алайда кейін адвокат Колесниковты арнайы торуылға түсіру үшін жол апаты әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Оқиғадан кейін жарияланған бейнежазбадан жол бойына бір топ адамның жиналғаны көрінеді. Артынша төбелес басталып, бірнеше адам Колесниковты күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

«Василий Колесниковқа жол-көлік оқиғасын әдейі ұйымдастыру арқылы торуыл жасалған. Кейін оған тұтқиылдан шабуылдап, пышақтармен және тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Соққыға жығып, белгісіз бағытқа күштеп әкеткен», – деді адвокат.

Ұрланған ер адамды бірнеше сағат бойы іздеген. Сол күні-ақ оның сау-тамтығы қалмаған денесі Түркістан облысының Ордабасы ауданында аурухана маңында табылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADILET TV (@adilet_tv_)

Back to top button