$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әні халықаралық жазғы чартта үшінші орын алды

Финалдық тізімге 20 ән енді.

Димаш Құдайбергеннің AQERKE әні халықаралық Channel R Radio радиостанциясының қорытынды жазғы чартының үздік үштігіне енді. Нәтиже тыңдармандардың жаһандық дауыс беруі арқылы анықталған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Channel R Radio туралы

Channel R – заманауи танымал музыка мен жаңа релиздерге маманданған тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-радиостанция. Радио жарнамасыз хабар таратып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарға өз қосымшасы және iHeartRadio, Audacy, TuneIn, Apple Music секілді танымал стримингтік платформалар арқылы қолжетімді.

Чарт тыңдармандардың дауыс беруі арқылы анықталды

#UltimateSummerCountdown жазғы рейтингі жанкүйерлердің жаһандық дауыс беруі нәтижесінде жасалды. Финалдық тізімге 20 ән енді. Ал әндердің нақты орындарын әлемнің әр түкпірінен дауыс берген Channel R тыңдармандары анықтады. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, қорытынды рейтинг 5 қыркүйекте жарияланды.

AQERKE үшінші орынға жайғасты

Нәтижесінде Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» әні қорытынды рейтингте үшінші орын алды. Осылайша ән халықаралық Channel R аудиториясының таңдауы бойынша жаз маусымындағы ең танымал үш әннің қатарына кірді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button