ЕрекшеЭксклюзив

Мемлекет дүкен ашу үшін алынған несиенің бір бөлігін жауып береді

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Tizgin.kz тілшісіне берген сұхбатында дүкен ашуға ниетті азаматтарға мемлекет қалай көмектесетінін айтып берді.

Вице-министрдің сөзінше, биыл 417 адам көмек алған. Қаржы министрлігінен бұл бағытта 5,3 млрд теңге бөлініп, оның сауда және интеграция министрлігіне 2,9 млрд теңгесі аударылып қойған. 

“Біз осы ақшаны “Даму” қорына жібереміз. Бұл жерде тек дүкен емес, сауда орталығы, сауда базары үшін алуға болады. Жалпы ОКЭД бойынша бөлшек және көтерме саудадағы адамдар көмек ала алады, – дейді ол.

Айдар Әбілдабековтің айтуынша, жалпы 417 кәсіп осы күнге дейін жалпы сомасы 54 млрд теңге банктерден несие алған. Сол кәсіпкерлерге банктер 21-22 пайызбен несие берсе, соның 10,75 пайызын мемлекет жауып береді. Қалған пайызын кәсіпкердің өзі жабады. 

“Биыл осы бағытта бөлінген сома 5,3 млрд теңге. Келесі жылы 10 млрд теңге бөлінеді. Кішкентай дүкені бар ма, үлкен дүкені бар ма – саудамен айналысқан адамдар – кез келген кәсіпкер жәрдем ала алады”, – дейді ол.

Жалпы бұл бағдарлама бойынша «дүкен ашам» деген азаматтарға ғана емес, ІТ-стартап жасаймын деген азаматтар да көмек ала алады.

КӨМЕК АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Әр өңірде «Даму» қорының, «Атамекекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сауда және интеграция министрлігінің департаменті, өкілдіктері бар. Олардың мекенжайларын интернеттен тауып алуға болады. Ең біріншіден, «Даму» қорына бару керек. Себебі ол жерде түсіндіріп беретін мамандар бар. Сол жерден консультация береді. Ал екінші деңгейлі банктер банкті мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды. 

Бұл ретте банктен несие алған кезде кепілге мүлік қою керек. Екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несие болғандықтан, үлкен қаражатқа бәрібір кепілдік сұрайды. Бұл жерде екі түрлі қолдау тетігі бар: біріншіден, кәсіпкер дүкенімді салам немесе үлкендеу базарымды заманға сай модернизациядан өткізем немесе кеңейтем дейтін болса, онда өзінің бір мүлкін қойып, облыс орталықтарында 3 млрд теңгеге дейін несие алатын болса, сол несиенің 10,75 пайызын мемлекет субсидиямен жауып береді. Аржағында қалған пайыздық мөлшерлеменің 7-8 пайызын өзі төлейді. Екінші тетік – егер жобаңыз ауылда болса, ол жоба 80 млн теңгелік болса, сол 80 млн теңгені алуға кепілдікке қойған мүлкіңіздің бағасы жетпей тұрса, онда мемлекет өз қаржысын қосып, кепіліңізге кепіл ақша қосады да, сол арқылы банктен несие алуға мүмкіндік туады.

Бағдарламаға Астана, Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары қатыспайды. Бағдарламаға келетін ОКЭД-тер: 46.90.3, 47.11, 47.19, 47.91.0, 68.20.3, 68.20.4, 68.20.5, 46, 47. Осы ОКЭД-тегілердің бәрі де мемлекеттік қолдауға қатыса алады.

Осы мемлекеттік қолдауды алып, өзінің жобасын кеңейтіп немесе қайтадан салып, сауда базарларын салса, онда кәсіпкер тауар сөресінің 20 пайызын отандық азық-түлік өнімінің үлесіне, сол сияқты 20 пайызын отандық азық-түлік емес өнімдеріне беруі тиіс. Ол талап бақылауда болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button