Жаңалықтар
«Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолындағы жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Оқиға сәті жасанды интеллект элементтері бар камераларға түсіп қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жүргізуші рөлге ие бола алмаған
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар автожолдың 51-шақырымында болған.
Бейнежазбадан Астана бағытымен келе жатқан Mercedes көлігінің басып озу кезінде «Газельмен» соқтығысқаны көрінеді. «Газель» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік жол жиегіндегі орға аударылды.
Мән-жайы анықталып жатыр
Апат салдарынан бір адам ажал құшты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.