Жаңалықтар
Қазақстаннан 32 мемлекетке тікелей ұшуға болады

Қазіргі уақытта Қазақстаннан әлемнің 32 мемлекетіне тікелей әуе рейстері орындалады. Халықаралық әуе қатынасының бағыттары 161-ге жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сонымен қатар елдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейі де жақсарған. Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттарына сәйкестік көрсеткіші 95,7%-ға жетті.
Елде әуе бағыттарын көбейтумен қатар, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр.
2026 жылдың соңына дейін Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында салынып жатқан жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қостанай облысындағы Арқалық әуежайын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңғыртылған әуежай алғашқы жолаушыларын қабылдап үлгерді.