$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☀ -1° Сезіледі -5° Жел 4 м/с Ылғалдылық 73%
Жаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесі өртенді

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде үйдің төбесі өртенді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы жарықтандыру құрылғысында қысқа тұйықталу болған. Соның салдарынан шамамен 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

«4 қыркүйек күні сағат 08:36-да “101” пультіне кіреберісті түтін басқаны туралы телефон хабарламасы түсті. Оқиға орнына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 12 қызметкері мен 3 техникасы жіберілді», – делінген ТЖД хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан төбедегі жарықтандыру құрылғысы тұсынан өрттің жалын мен шоғының төмен қарай шашырағанын көруге болады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмаған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button