$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

Қызылордадағы оқушының өлімі: айыпталушыға үкім шықты

Тергеу нұсқасына көз жүгіртсек, 22 жастағы үйленген ер адам 16 жастағы жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы танысқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға қалай болған

31 арна мәліметінше, оқиға 3 маусым күні Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Сол күні кешке жергілікті тұрғын канал шлюзінен қыздың денесін тауып алған. Туыстарының айтуынша, бойжеткен бір күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Екеуі жанжалдасып қалған

Тергеу нұсқасына сәйкес, 22 жастағы үйленген ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Оқиға болған күні кешкісін ол қызды көлігіне отырғызып, ауыл шетіндегі каналға апарған. Сол жерде екеуі жанжалдасып, ер адам жасөспірімді тұншықтырып өлтірген.

Сот айыпталушыны адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Өтемақы төлейді

Сот шешімімен сотталған азаматтан жәбірленуші тарапқа моральдық зиян келтіргені үшін 10 млн теңге өндіріп алу көзделген. Сонымен қатар мемлекет кірісіне 2162 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеу міндеттелді.

Back to top button