Президент Мұхтар Тілеубердіге бірқатар міндет жүктеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдап, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын айқындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кездесуде Президент елдің сыртқы саясатындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, Мұхтар Тілеубердіге Қазақстанның ұлттық мүддесін халықаралық аренада дәйекті түрде ілгерілету және теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту тапсырылды.
«Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы экономикалық дипломатияны дамытуға ерекше назар аударуды міндеттеді.
Айта кетейік, кеше Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалған еді.