ЖаңалықтарОқиға

Таразда көпқабатты үйде өрт шықты: 23 адам эвакуацияланды

Таразда өртеніп жатқан пәтерден ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өрт шыққан үйде 8 бала болған

Өрт «Жансая» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы тағы 23 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялаған.

Өрт үшінші қабаттағы балконнан басталған. Жалын тез арада төртінші және бесінші қабаттардың балкондарына тараған.

Өрттің мән-жайы анықталуда

Құтқарылған ер адамды қазір жедел жәрдем қызметкерлері тексеріп жатыр. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталуда.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button