ЕрекшеЖаңалықтар

Илон Маск Қазақстанда Starlink интернетін іске қосты: тарифі қанша

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда Илон Маскке тиесілі Starlink компаниясының интернеті ресми түрде іске қосылғанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсына бастайды.

“Бұл ел тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі Starlink төмен орбиталы спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді», – делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство 12 маусымда министрлік пен Starlink қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын сақтау жөнінде компанияның міндеттемесін бекітетін келісімге қол қойғанын еске салады.

Starlink компаниясының ресми сайтында Starlink интернетін үйге қосу қызметі 23 мың теңге, ал саяхат кезінде кез келген жерге қосу 26 мың теңге екені көрсетілген.

Терминал құны бұл ретте 104 мың теңге екенін атап өту керек. Қазақстан азаматтарына қолжетімді Residential тарифі 23-31 мың теңге аралығында. Ал саяхатта ыңғайлы Roam тарифін 26 мың теңгеге қосуға болады. 

Back to top button