$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
БілімЖаңалықтар

1 сынып оқушыларына да мұғалімге гүл сыйлауға болмайды – Оқу-ағарту министрлігі

Биылдан бастап мектеп аумағында мұғалімдерге гүл де, сыйлық та сыйлауға рұқсат етілмейді.

Қазақстанда 1 қыркүйекте оқушыларға мұғалімдерге гүл немесе сыйлық сыйлауға болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұрын қандай талап болған

2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мектеп оқушылары мұғалімдерге бір ғана шартпен гүл немесе сыйлық бере алатынын хабарлаған еді. Яғни, педагог сыйлық үшін сыйлық берушінің пайдасына ешқандай қызмет көрсетпеуі тиіс болатын. Сол кезде сыйлықтың құны 5 АЕК-тен аспауы керек еді. Бұл 2024 жылы 18 460 теңге, ал қазіргі таңда 21 625 теңгені құрайды.

Биылғы жаңа талап

Шынар Ақпарованың айтуынша, биылдан бастап мектеп аумағында мұғалімдерге гүл де, сыйлық та сыйлауға рұқсат етілмейді.

«Біз бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хат жолдадық. Мектептерде гүл сыйлауға немесе қандайда бір сыйлық сатып алуға жол берілмейді. Бұл талап мектеп аумағына қатысты нақты көрсетілген. Тіпті бірінші сынып оқушыларының да гүл сыйлауына қажеттілік жоқ», – деді ол.

1 қыркүйек қалай өтеді

Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, 1 қыркүйекте мектептерде дәстүрлі сынып сағаттары өткізіледі.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button