Жаңалықтар
Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
Құрылтайдағы жасырын дауыс Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Депутаттардың ішінде 143 адам қолдау (бір адам қалыс қалды) білдіріп, Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Президиумға өткен Айбек Дәдебайұлы Құрылтай тізгінін өз қолына алды.
Бүгін отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділет” партиясының төрағасы Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағалығына ұсынған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін бес партия өз атынан 145 адамды іріктеп, Құрылтай депутаттығына ұсынған еді. Яғни, осы 145 адам су жаңа Парламенттің депутаттары болады.