Жаңалықтар

Тоқаев масс-медиа туралы заңға қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

Құрылтайдың алғашқ отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев нлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отырғанын, бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталғанын айтты. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр.

“Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын”, – деді ол.

Тоқаев тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлауымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес деді. Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды екенін айтты.

“Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет”, – деді Тоқаев.

Back to top button