ЖаңалықтарОқиға
Абай облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды
Жүргізушілердің бірі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.
Абай облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Апат Семей – Курчатов тасжолында болған
Жол апаты 26 тамыз күні сағат 15:30 шамасында Семей – Курчатов тасжолының 35-шақырымында болған. Апат кезінде Chevrolet Nexia және Kia Rio автокөліктері соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Оқиғаның мән-жайын Абай облысының полициясы анықтап жатыр. Жол апатының нақты себептері тергеу барысында белгілі болады.