TOP-2Оқиға

Шарджада Қазақстанның екі бойжеткені көз жұмды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы көз жұмды. Қайғылы жағдай туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазір жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстан СІМ марқұмдардың отбасыларымен байланыста екенін хабарлады. СІМ марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетіп жатыр

Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында қаза тапқан А.Б. және Ж.Б. есімді Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында (БАӘ) қаза тапқан азаматтарымыз А.Б. және Ж.Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. СІМ марқұмдардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта БАӘ-нің жергілікті құқық қорғау органдары екі қазақстандықтың қазасына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге олардың неден және қандай жағдайда қаза тапқаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Бойжеткендер Қазақстанға қайтуды жоспарлаған

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, 2004 және 2006 жылы туған екі қыз Шарджада жұмыс істеген. Олар тамыз айының соңы – қыркүйектің басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Алайда шамамен бір апта бұрын екі қыз да жақындарымен байланысын үзген.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына өз құзыреті аясында қажетті консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Back to top button