“Мен саясаттан кетемін”: сайлауда жеңілген Ертісбаев мәлімдеме жасады

Қазақстан Халық партиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудағы жеңілісін мойындады. Партия сайлаушылардың 3 пайыздан сәл астам даусын жинап, парламентке өте алмады. Дауыс беру қорытындысы жарияланғаннан кейін ҚХП-ның бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев белсенді саясаттан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Саяси өмірбаянымдағы бұл кезең аяқталды»
Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасына қоғам тарапынан анағұрлым жоғары қолдау болады деп күткенін мойындады. Алайда дауыс беру нәтижесі партияның Құрылтайға өтуіне жеткіліксіз болды.
«Мен белсенді саясаттан кетемін. Саяси өмірбаянымдағы бұл кезең аяқталды деп есептеймін», – деді Ермұхамет Ертісбаев.
Оның айтуынша, бұл шешім өкпе-реніштен немесе көңіл қалудан туған жоқ. Ертісбаев саясаттан «өкпесіз, түңілместен және өткенге жармаспай» кететінін атап өтті. “Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, менен жақсы істей алам деушілер болса мархабат” деген ежелгі тәмсіл барын да қосты.
Ішкі саясат екінші орынға ығысады
Ермұхамет Ертісбаев қоғамдық кеңістіктен біржола жоғалып кетпейтінін айтты. Алайда бұдан былай Қазақстанның ішкі саясаты оның қызметінде екінші орынға ығысады. Ол алдағы уақытта халықаралық сараптама, тарих, саясаттану және ағартушылық бағыттарға ден қоймақ.