Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кейбір пәндерді біріктіру тәжірибесі енгізіліп жатса да, мұғалімдер жұмыссыз қалмайды деп сендірді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.
ӘҢГІМЕ НЕ ЖАЙЛЫ
Былтырдан бері мектепте пәндерді біріктіру жайлы айтыла бастады. «Алгебра» мен «Геометрияны» «Математикаға», «Химия», «Биология», «Физиканы» «Жаратылыстану» пәніне біріктіріп, өзге пәндерді де кіріктіріп оқыту көзделген. Бұл мәселе сарапшылардың көп сұрағын туғызып жатыр. Жалпы үш пән біріксе сонда сабақты кім береді? Басты сұрақ – мұғалімдер қысқарып қалмай ма?
Бұл сұрақты Tizgin.kz тілшісі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевке қойды.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Ғани Бейсембаевтің айтуынша, пәндерді біріктіру немесе кіріктіру пилоттық жоба ретінде елдің 20 өңірінің мектептеріне енгізіле бастаған. Мектептердің тізімі жақында жарияланады. Сарапшылардың ұсынысымен біріктіру мәселесі қолға алынған.
“Бұл жаппай ауқымды енгізу дегенді білдірмейді. Әлемдік үрдісте де бар. Пәнаралық байланыс, пәндерді кіріктіріп оқыту мәселесі бұрыннан бар. Сондықтан, біздің әріптестеріміздің ұсынысы бойынша пилоттық жоба ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер нәтижесін берсе, ары қарай жалғасады. Егер өз өміршеңдігін көрсетпесе бұрынғы тәжірибе қала береді, – дейді ол.
Бейсембаевтің сөзінше, мұғалімдер жұмыссыз қалмайды. Өйткені жобаны енгізу барысында мұғалімнің мүддесі ескеріледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram