Без рубрики

Тоқаев Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан президенті Украина басшысына ұлттық мерекеге орай өзінің ізгі тілегін жеткізді.

Украина халқына бейбітшілік тіледі

Құттықтау жеделхатында мемлекет басшысы украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Украина 1991 жылы 24 тамызда тәуелсіздігін жариялаған. Биыл ел тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр.

Back to top button