Жаңалықтар

Аша Матай мен Тамара Асар депутат бола алмай қалды

Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген әншілерге парламенттен мандат бұйырмады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялаған еді. Қазақстан Халық партиясы 285 395 (3,11 пайыз) дауыс жинап, Құрылтайға есік ашар 5 пайыздық межені бағындыра алмады.

ҚХП атынан елге белгілі өнер иелері Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), Тамар Асар, Венера Нигматулина үміткер болып тіркелген. Алайда оларға депутаттық мандат бұйырмады.

“Байтақ” партиясы өз қатарынан ондаған адамды Құрылтай депутаттығына ұсынғанымен, 97 751 (1,7 пайыз) дауыс қана жинады.

Құрылтай сайлауы

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өткізілді. Жеті партия 145 орын үшін таласып, ең көп дауысты “Әділет” партиясы (6 528 948 (71,17 пайыз)) ең көп дауысты иеленді.

 

Back to top button