$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Аяғын дәретханада қыстырып алған: Алматы облысында 1 жасар бала құтқарылды

Құтқарушылар бір жасар баланы металл конструкциядан босатты.

Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында бір жасар бала дәретхананың темір құрылымына аяғын қыстырып алған. Сәбиге көмек көрсету үшін құтқарушылар шақырылды. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың аяғы қысылып қалған

«112» пультіне Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында бір жастағы баланың аяғы дәретхана конструкциясының құбырына қысылып қалғаны туралы шақырту түскен. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Баланың аяғы өздігінен босатуға мүмкіндік бермейтін жағдайда қысылып қалған.

Құтқару жұмысы бір сағаттан астам уақытқа созылды

Құтқарушылар аса сақтықпен әрекет етіп, арнайы металл кесетін қайшылардың көмегімен құбырды біртіндеп кесіп, баланың аяғының айналасындағы кеңістікті ұлғайтқан.

Құтқару жұмыстары бір сағаттан астам уақытқа созылды. Бала көзге көрінетін жарақатсыз босатылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Еске салсақ, Zamandas подкастында журналист Дина Төлепберген өзіңді құрметтеу тазалықтан басталатынын, алдағы уақытта 100 дәретхана салуды мақсат етіп отырғанын айтты.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button