$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

TikTok-та әйел образымен танылған қарағандылық стример 10 тәулікке қамалды

Қарағандыда TikTok желісінде әйел кейпіне еніп танылған 56 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құқық қорғау органдары интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг кезінде Қарағанды тұрғыны Еркен Жантықпаевтың TikTok-тағы парақшасына назар аударған.

Полиция мәліметінше, ол әйелдер киімін киіп, «құқыққа қайшы мазмұндағы» бейнематериалдар жариялаған.

Сот шешімі

Полиция аталған дерек бойынша тиісті шара қабылданғанын хабарлады. Сот қаулысымен Жантықпаевқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалған.

Құқық қорғау органдары оның әрекеттері заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы деп бағаланғанын мәлімдеді.

Полицияның соңғы дерегіне сәйкес, Жантықпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Соған қарамастан, оған қатысты бақылау жалғасады.

Жауапкершілік күшейеді

Ведомство ресми ескерту талаптары қайта бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентіне жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпке қайшы материал таратпауға шақырды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button