$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Алматыда автобус ішінде төбелесіп, пышақ ала жүгіргендер ұсталды (Видео)

Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Алматыда қоғамдық көлікте болған жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті де ұсталып, қамалды. Қоғамдық орындарда мұндай іс-әрекеттерге жол берілмейді. Барлық тұлғалар міндетті түрде заң аясында жауап береді», – деді полиция басқармасы өкілі.

Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

«Полиция азаматтарды арандатуға бой алдырмай, жанжалды жағдайларды күш қолдануға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмай, бейбіт жолмен шешуге шақырады», – деп жазылған хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button