Жаңалықтар

Астанада екі күн бойы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

22 және 23 тамызда Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен жергілікті тауар өндірушілер елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жәрмеңкеде қандай өнімдер сатылады

Жәрмеңкеде көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, түрлі пісірмелер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер сатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сауда алаңына еліміздің бірнеше өңірінен келген шаруалар мен отандық өндірушілер қатысады.

Қайда және қашан өтеді?

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22 және 23 тамызда сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді. Мекенжайы: Алаш тасжолы, 35Б.

Жәрмеңке өтетін жерге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустарымен баруға болады.

Back to top button