Жаңалықтар

Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне қанша көрермен келгені белгілі болды

Алматыда 15 тамызда өткен Канье Уэсттің YE шоуына 31 мың адам қатысты. Концертке әлемнің 50-ден астам елі мен аумағынан шамамен 7,7 мың турист келген, деп хабарлайды Tizgin.kz ұйымдастырушылардың дерегіне сүйеніп.

Әр төртінші көрермен – турист

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне келген 31 мың көрерменнің шамамен төрттен бірі турист болған. Шетелдік қонақтар әлемнің 50-ден астам елі мен аумағынан келген.

Туристік ағынның қала экономикасына тигізген әсері шамамен 5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл қаражатқа қонақтардың қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік және өзге де қызметтерге жұмсаған шығындары кірген.

Сахна бес тәулікте құрылды

Концерт өткен күні Алматының Орталық стадионында 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Олар көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, техникалық және ұйымдастыру жұмыстарына жұмылдырылған.

Шоуға арналған сахна мен техникалық инфрақұрылым бес тәулік ішінде орнатылды. Қажетті жабдықтар Алматыға бір жүк ұшағы және жеті еурофура арқылы жеткізілген.

Back to top button