Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін – Ұлдана Мырзуан ісіндегі сотталушы
Сәуле Жұбаниязова куәгер бола тұра қалай күдікті болып шыға келгенін түсінбейді

Астанада үстіне қасбет құлап, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуан ісінде қазір сол үйдің ОСИ – меншік иелерін бірлестігінің басшысы Сәуле Жұбаниязова сотталушы ретінде процестен өтіп жатыр. Бүгін соттан кейін тілшілерге берген жауабында ол өзін кінәлі санамайтынын, адам болған соң Ұлдананың анасына көңіл айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ол алты ай бұрын ғана ОСИ басшылығына барғанын, куәгер бола тұра қалай күдіктіге айналып шыға келгенін түсінбейді. Жалғызбасты ана екенін, жағдайы жақсы емес екенін де атап өтеді.
“Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Мен ол үйдің жобалауына қатысқан емеспін. Визуалды тексеру үйдің, қасбетінің бәрі жақсы екенін көрсетті. Көзге көрінбейтін жұмыстардың бірі дұрыс жасалмағанын, күндердің күнінде адамдардың төбесіне құлайтынын мен қалай біле алар едім? Қылмыстық іс жүріп жатқан тұста мен куәгер болып жүрдім. Маған 20 шілдеде ғана айып тақты. Менің дайындалуыма, адвокат табуыма мүмкіндік берілмеді. Ақшам онсыз да жоқ, екі баланы жалғыз асырап отырған жалғызбасты анамын. Үйім жоқ, көлігімнің несиесін төлеп жүрген адаммын. Ақшаны бүкіл Қазақстандағы меншік иелерін бірлестіктері басшыларының көмегімен таптым. Бір күнде куәгерден күдіктіге айналдырғанына қатты таңмын”, – дейді ол.
Сәуле Жұбаниязова Ұлдана Мырзуанның отбасынан кешірім сұрамағанын, тек адам ретінде ана ретінде жақындап көңіл айтқанын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұлдана Мырзуан ісі
Еске салсақ, 2025 жылдың 30 қыркүйекте Ұлдана Мырзуан реабилитолог-дәрігер Әділет Зейнелге тұрмысқа шыққан. Екеуі 8 жыл көңіл жарастырып жүрген еді.
8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, астында бірнеше тұрғын қалып қойған. Көмекке жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде фельдшер Ұлдана Мырзуан жеткен. Құтқару жұмысы барысында ғимараттан кондиционер қондырғысы құлап, Ұлдана мен тағы бір фельдшердің басына тиді. Жалпы оқиға салдарынан 5 адам жарақат алды.
Ұлдана 10 күн бойы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бар күшін салғанмен, 18 қараша күні 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ажал құшқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне қалалық жедел медициналық көмек станциясы ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, марқұмның туыстары мен жедел медициналық көмек станциясының қызметкерлері қатысты.
«Ұлымды қайғы жеп барады»
Марқұм реабилитолог-дәрігер Ұлдана Мирзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел мен анасы алғаш рет сұхбат берген болатын.
«Ал Әділеттің туыстары ол тезірек есін жиып, өзіне келгенін қалады. Ол қараша айынан бастап 3 ай жұмыс істемеді. Ол ауырып, қайғы жеп бара жатқанын Ұлдананың анасы да біледі. Біз оның адамдармен араласып, жақсы әйелмен танысқанын, ел қатарлы өмір сүргенін қаладық. Ол сәуір айынан бастап беті бері қарай бастаған кезде біз қуандық», – деді Әділеттің анасы.
Ал Ұлдананың анасы Руслан Өтепбайғай берген сұхбатында «Мені сыйласаң жәбірленуші статусынан бас тарт» деген болатын.