Жаңалықтар

Соғысып жатқан Украинаның жаңа қорғаныс министрі тағайындалды

Украинаның жоғарғы радасы Евгений Хмараны елдің қорғаныс министрі қызметіне бекітті. Оның кандидатурасын 312 депутат қолдаса, екеуі қарсы дауыс берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тағы 20 депутат дауыс беруге қатыспаған. Хмараның кандидатурасын Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған. Ол бұған дейін қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарып келген.

Жаңа министр қандай міндеттерді атады

Жоғарғы радада сөйлеген Евгений Хмара майдандағы жағдайды бақылауды, әскерді күшейтуді және қорғаныс өнеркәсібін дамытуды негізгі басымдықтары ретінде атады.

Ол мобилизация жүйесін реформалау соғысты жүргізу жоспары мен тұжырымдамасына тікелей байланысты екенін айтты. Қазіргі уақытта тиісті ұсыныстар Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысымен және Бас штабпен бірге әзірленіп жатыр. Кейін бұл жөнінде президентке баяндама ұсынылмақ.

Евгений Хмара 2011 жылдан бастап Украина қауіпсіздік қызметінің «А» арнайы операциялар орталығында қызмет еткен. 2023 жылы осы орталықтың басшысы болды. Ол Киев және Донецк облыстарындағы әскери операцияларға, 2022 жылы Змейный аралын азат етуге және 2025 жылғы «Өрмек» операциясына қатысқан.

Хмара 2023 жылы бригада генералы, ал 2024 жылы генерал-майор шенін алды. 2026 жылғы қаңтарда Украина қауіпсіздік қызметі басшысының міндетін уақытша атқарған.

Федоровты қолдау акциясы жалғасты

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров жаңа үкімет құрамына енген жоқ. Кейін ол қызметтен кеткенін ресми түрде растады.

Бұл шешім Киев пен бірқатар қалада наразылық акцияларының өтуіне себеп болды. 19 тамызда жоғарғы рада ғимаратының алдына Федоровты қызметіне қайтаруды талап еткен адамдар жиналды. DW тілшісінің бағалауынша, Киевтегі акцияға шамамен 100 адам қатысқан.

Back to top button